
Шахтинск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның отырысы болып өтті, оның аясында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мәселелері талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру және мәдениет мекемелерінің өкілдері қатысты.
Отырыстың негізгі тақырыптары:
✅ «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбы бойынша «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы және «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директоры білім беру мекемелерінде ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етуде қабылданатын шаралар туралы баяндамалар ұсынды. Оқушылар мен педагогтар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру тетіктері талқыланды.
✅ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жобаны іске асыру» тақырыбы бойынша «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру туралы есебін ұсынды. Отырысқа қатысушылар өткізілетін акциялардың тиімділігін және профилактикалық жұмыс форматтарын кеңейту мүмкіндігін талқылады.
✅Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру әдістері туралы «Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы баяндап берді. Атап айтқанда, тақырыптық іс-шараларды, байқаулар мен ағартушылық бағдарламаларды өткізу бойынша жаңа бастамалар ұсынылды.
📌 Отырыс қорытындысы бойынша өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі нығайтуға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді. Ашық және адал қоғам қалыптастыру-біздің ортақ міндетіміз!