
2025 жылғы 25 наурыз 02 сәуір аралығында Қостанайда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық Чемпионаты өтуде! Шахтинск қаласының спортшылары осы жарыста керемет нәтижелер көрсетті.
Ешимбеков Нұрбол 55 кг салмақта 1 орын алып, ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Теренюк Олеся 45 кг салмақта 1 орын алды.
Біздің спортшылар Александр Стефанович Кирюхиннің басшылығымен жаттығады.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушысын чемпионаттағы табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі