"Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өтінімдерді қабылдауды жариялайды

"Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ  өтінімдерді қабылдауды жариялайды

«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі» ММ жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізімге енгізу туралы осы Қағиданың 2 – қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу үшін санатына байланысты осы Қағиданың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін құжаттар 2024 жылдың 1 маусынмен 15 маусым аралығында «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі» ММ тапсырылады.
Мұрағатты құжаттармен мына жерден жүктеуге болады:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033105 
Қосымша ақпаратты 8/72156/50026, 87475554495
телефондары арқылы алуға болады. Құрметпен,
«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» MM