Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Сараптамалық кеңестің 9 сәуірдегі отырысында қала тұрғындарынан келіп түскен жобалық ұсыныстар олардың жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу және жобалардың қайталанбауына талдау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралды.

Сараптамалық кеңес мүшелерінің бірауыздан шешімімен барлық жобалардың белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім шығарылды және барлық жобалар ашық дауыс беруге жіберілді, ол ағымдағы жылдың 11-23 сәуір аралығында Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында өткізіледі.

Құрметті тұрғындар, Сіздердің әрқайсыларыңыз дауыс беруге қатыса аласыз және 2025 жылға арналған абаттандыру жобасын іске асыруды қолдай аласыз, ол үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/bnu/831?lang=ru 

Шахтинск қаласының «Халық қатысуы бюджеті» жобасы бойынша жұмыс органы «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ болып табылады. Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны 8 (72156) 2-34-72, 5-08-11.