Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылдың 17 қаңтарында сағат 10.00-де, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Ботақара кенті, Казыбек би 52 мекенжайы бойынша орналасқан Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің  МҮ ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа  қатысу  үшін  өтінімді  тіркеу  және  қабылдау  2023  жылдың  25 желтоқсанынан бастап 2024 жылдың 16 қаңтарына сағат 17.00-ге дейін,  Қарағанды облысы,  Бұқар   жырау ауданы,  Ботақара кенті, Қазыбек   би к-сі 60 А ( 2 қабат, «Бұқар Жырау  ауданының  жер қатынастары бөлімі» ММ)   мекенжайында орналасқан,    «Бұқар   жырау    ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.                    
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.

Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:

Лоттың

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитеті)

Алаңы,
 га

Жалдау мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері

 

Су

қамтамасыз

ету

Аймақтың шаруашылығы мамандандыру

1

2

3

4

5

6

7

 

 

1

Талшынды, егістік -26,0 га,  жайылым -41,0 га, дала жолдары – 0,7316 га.

 Балл бонитет – 16.

67,7316

10

Ақбел а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

 

 

2

Талшынды, егістік -96,0 га, жайылым -34,4 га, дала жолдары – 0,2442 га, суағарлар -0,2378 га.

 Балл бонитет – 16.

130,8820

10

Ақбел а/о

Қамтамасыз етілген

Өсімдік шаруашылығы

 

 

    3

Талшынды, жайылым 149,0 га,  дала жолдары - 0,3272 га, суағарлар -0,3610 га.

 Балл бонитет – 23.

149,6882

10

Ақбел а/о

Қамтамасыз етілген

Мал шаруашылығы

 

4

Талшынды, жайылым-703,0 га, дала жолдары – 1,8215 га, суағарлар -1,3470 га.  

 Балл бонитет – 10.

706,1685

10

Ақбел а/о

Қамтамасыз етілген

Мал шаруашылығы

 

5

Талшынды, егістік -50,0 га, жайылым – 2,3 га, дала жолдары – 0,1224 га.

 Балл бонитет – 15.

52,4224

10

Көкпекті а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

 

6

Талшынды, егістік -53,0 га, тыңайған жер -7,0 га, жайылым -2,2 га, дала жолдары – 0,4250 га.

Балл бонитет – 15.

62,6250

10

Көкпекті  а/о

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

 

7

Талшынды, егістік -181,0 га, дала жолдары – 0,1184 га.

 Балл бонитет – 26.

181,1184

10

Ақөре ауылы

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

 Конкурсты ұсыныста: 

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қантардағы № 7 бұйрығымен (нормативтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19893 болып тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. 

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2024  жылдың 17 қаңтар сағат 10.00-ге  дейін ашуға болмайды (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсанындағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидағы және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20  маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 43, 43-1, 48 бабының  талаптарына сәйкес өткізіледі.

Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А (2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар.   Байланыс телефондары: 8(72154) 79024, 53618, электронды  мекенжайы gu_otdel-zem.otnosheni@mail.ru   

Учаскелердің схемалары сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar, "конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу схемалары" бөлімінде.