Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін қаржылау-техникалық қолдау көрсетіледі.Байқауға қатысу үшін өтінімдерді жолдау 2023 жылдың 10 қарашасына (қоса алғанда) дейін электронды пошта арқылы жүзеге асырылады.Байқауғы қатысу сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты 8 (701) 1864300, 8 (702) 4122906 телефондары арқылы алуға болады.Байқаудың өту талаптарымен танысу және өтінімдерді дайындау үшін қажетті құжаттардың шаблондарын https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/624905?lang=ru сілтеме арқылы алуға болады.
- парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерлету;
- азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қызметке тарту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.
2.Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мен өткізу мерзімдері
Өтінімге қоса беріледі:
- конкурстық жұмыстың қысқаша сипаттамасы (көлемі 2 беттен аспайтын Word мәтіндік құжаты түрінде);
- конкурстық жұмыс.
Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.
Конкурстық жұмыстарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 25 қыркүйектен 30 қазанға дейін жүзеге асырады.
Көрсетілген мерзімнен кейін алынған жұмыстарды Конкурстық комиссия қарамайды.Конкурстық комиссия ұсынылған жұмыстарды 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін бағалайды.Конкурстық комиссия іріктеп алған жобаларға (20 жұмыстан аспайтын) конкурстың соңғы кезеңіне қатысу үшін жол беріледі.Іріктеу кезеңінің нәтижелерін жариялау - 2023 жылғы 11 қараша.Соңғы кезең 2023 жылдың 1 желтоқсанында өтеді.Финалдық кезеңге жіберілген әрбір қатысушы өз жұмысын конкурстық комиссияның ұсынымдарын ескере отырып пысықтайды және оны 2023 жылғы 27 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментіне жібереді.2023 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында қатысушылар конкурстық комиссияға өз жұмыстарын таныстырады және конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Басым бағыттар |
Шамамен жұмыст үрлері* |
1. Қоғамдық бақылау |
1.1. Журналистік зерттеулер жүргізу; 1.2. Бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің мониторингі; 1.3. Қоғамдық бақылаудың тетіктері мен нысандары; 1.4. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және есептілігін қамтамасыз ету; 1.5. Қоғамдық бақылау шеңберінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тетіктері; 1.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қатысу нысандары мен тетіктері; 1.7. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі басшылықты/нұсқаулықтарды әзірлеу; 1.8. Еріктілерге арналған нұсқаулық. |
2. Сыбайласжемқорлыққақарсыбілім беру жәнезерттеу |
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерге арналған нұсқаулық; 2.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілік нысаны; 2.3. Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды жәнебасқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған сыбайласжемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; 2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал; 2.5. Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту; 2.6. Бейне ойындар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру тетіктері; 2.7. Квазимемлекеттік және жеке ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенсті енгізу тетіктері; 2.8. Сыбайлас жемқорлық бойынша оқу кейстерін қалыптастыру; 2.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-білім беру ресурстары; 2.10.Қазақстандық сыбайлас жемқордың психологиялық портреті; 2.11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім базасын құру / энциклопедия; 2.12.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту бойынша оқу-көмекші материалдарды жобалау және бағдарламалық ресімдеу; 2.13. Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, студенттер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын әзірлеу; 2.14. Корпоративтік оқытуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонентті енгізу 2.15. Сыбайлас жемқорлықты өлшеу: оныңдеңгейі мен динамикасын тікелей және жанама бақылау тәсілдері мен әдістері; 2.16. Парасатты бизнесті ынталандыру және дамыту; 2.17. Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлық практикалары мен алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың Комплаенс-әдістемелері; 2.18. Жеке тұлғаның ерекшеліктері мен сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың өзара байланысын зерттеу; 2.19. Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау; 2.20. Цифрландыру жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар; 2.21. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тетіктері; 2.22. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау; 2.23. Мүдделер қақтығысы: активтер мен мүдделерді декларациялау. |
3. Сыбайласжемқорлықтәуекелдерінанықтаужәнежою |
3.1. Экономика және мемлекеттік басқару салаларына қатысты сыбайла сжемқорлық тәуекелдерінің бейіндері бар сыбайлас жемқорлық картограммасы; 3.2. Сандық шешімдер; 3.3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда АИ әлеуетін пайдалану; 3.4. Нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасындаМашиналықоқыту; 3.5. Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардағы мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері; 3.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасанды интеллект; 3.7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау процесін автоматтандыру; 3.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді автоматтандыру. |
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар |
4.1. Аудио-визуалды бұқаралық ақпарат құралдары; 4.2. Фильмдер (телехикаялар); 4.3. Комикстер, ойындар; 4.4. Мобильді ойындарды оқытуға арналған дизайн мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу; 4.5. Сыбайлас жемқорлық туралы мобильді оқыт уойыны. |
* көрсетілген жұмыс түрлері толық емес.
- белгіленген бағыттарға сәйкестігі;
- өзектілігі және теориялық негізділігі;
- деректерді зерттеу мен талдаудың толықтығы;
- жұмыстың практикалық қолданылуы мен құндылығы.
3.6.Көрсетілген талаптарға сай келмейтін жұмыстар конкурсқа жол берілмейді.
- іріктеу кезеңі финалдық кезеңге одан әрі қатысу үшін 20-дан аспайтын жобаны іріктеуге мүмкіндік береді. Іріктеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті құратын Конкурстық комиссия жүргізеді
- соңғы кезең іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша іріктелген жобалар арасында конкурс өткізуді көздейді.
Жеңімпаздардың жалпы саны 4 (төрт) аспауы керек.
1 қосымша
Аймақ |
Қатысушының Т.А.Ә.
|
Жұмыстың бағыты (Қоғамдық бақылау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру,Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар) |
Конкурстық жұмыстың атауы
|
Байланыс мәліметтері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|