Уважаемые избиратели!

Уважаемые избиратели!

Құрметті сайлаушылар!

 

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау өтеді.

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу болып табылады.

Тізімдерді жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дауыс беру үшін нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берілген өтініш негізінде енгізіледі.

Егер сайлаушы сайлауға дейін отыз күннен кешіктірмей оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға сайлау күні келуге мүмкіндігі болмайтыны туралы белгілі болған жағдайда, ол өзінің тұрған жері бойынша жергілікті атқарушы органға оны сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.

Өтініш келіп түскен кезде әкімдік азаматты тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Осы құқықты пайдалана алады:

- дауыс беру күні олар тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;

- жатақханадан тыс жерде тұратын орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқитын қаладан тыс студенттер;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

Азамат тек бір сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін.

Өзіңізді тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізіміне енгізуді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады.

 

Құрметті сайлаушылар!

Өзіңізді сайлаушылар тізіміне қосу үшін қажетті заңды маңызды әрекеттерді уақытылы қабылдаңыз!

 

Облыстық сайлау комиссиясы