Құрметті Шахтинск қаласы және іргелес кенттердің тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласы және іргелес кенттердің тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласы және іргелес кенттердің тұрғындары!

Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылында, 23/1 құрылымы мекенжайында орналасқан Шахтинск қаласындағы «TENTEK» дене шынықтыру – сауықтыру кешені 2022 жылдың 10 қарашасынан бастап жұмыс істей бастады.

Сіздердің назарларыңызға ойын залы, жүзу бассейні (25х11, 4 жол), спорт залы, күрес, бокс және үстел теннисімен айналысуға арналған залдар ұсынылады. Дене шынықтыру – сауықтыру кешені спорт залдарының жұмыс кестесі күн сайын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін демалыссыз, жүзу бассейні дүйсенбіден басқа күндері, 09.00-ден 21.00-ге дейін. Дүйсенбі-санитарлық күн. Кешеннің кассасы күн сайын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасының «Шахтинск қаласының балалар-жасөспірімдердің спорттық мектебі» КММ мен Шахтинск қаласының «Барс» КМҚК филиалы орналасқан.

"Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі" КММ 6 спорттық секциясы: волейбол, қазақ күресі, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, баскетбол және футбол тегін негізде, "Бокс бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КММ бокс бойынша спорт секциясы, "Жеңіл атлетика бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" КМҚК жеңіл атлетикадан спорт секциясы жұмыс істейді.

Қала тұрғындары мен іргелес кенттердің тұрғындары, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін спорт залдары мен жүзу бассейнін ұсыну бойынша ақылы қызметтер жүзеге асырылады.

Ақылы негізде кикбокс, футбол, комбат дзю-джутсу спорт секциялары жұмыс істейді.

Әмбебап ойын залының жүктемесі 78 пайызды құрайды. Ойын залында аптасына төрт рет Шахтинск қаласындағы «Qarmet» ЖШС КД төрт шахтасының жұмыскерлерімен дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары өткізіледі.

Қарағанды қаласының "Мүгедектер спорты бойынша облыстық мамандандырылған мектебі" КММ өткізетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Шахтинск қаласының дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жүзу секциясын ашу мәселесі шешілуде. Спорт кешенінің аумағында түрлері мен тиісті бағдарламалары бойынша жеке және топтық спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары өткізіледі. Келуші жүктеме дәрежесін өзі таңдайды. 16 жасқа дейінгі балалар жаттығу залы мен бассейнге барған кезде кәмелетке толған, заңды немесе өзге де өкілдердің қасында болуы міндетті, бұл ретте егер еріп жүретін адам жаттығу процесіне қатыспаса, ақы төленбейді (ауыстырылатын аяқ киімнің болуы міндетті). Шешінетін және душ бөлмелерін пайдалану келушілердің жынысына қарай бөлек жүзеге асырылады.

Топтық және жеке сабақтардың кестесін кешеннің әкімшілігі белгілейді.

Баға прейскуранты бір рет келу үшін 250-ден 550 теңгеге дейін, абонемент үшін 2 500-ден 5 500 теңгеге дейін (12 рет келу) құрайды. 1,2 топтағы мүгедектер, 7 жасқа дейінгі балалар, көп балалы отбасылардан және балалар үйлерінен келген балалар, ардагер спортшылар үшін тегін. Жүзу жабдықтарын жалға алу сағатына 50 теңгені құрайды.

Анықтама телефондары: Дене шынықтыру – сауықтыру кешені 70706, жүзу бассейні 70111.