
Құрметті Шахтинск тұрғындары!
Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір - біріне деген достығы мен махаббатының жарқын символы.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Елімізде аталып өтетін айтулы күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтіні анық. Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды.
Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн!
Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс.
Қымбатты жерлестер!
Мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып, барлықтарыңыздың отбасыларыңызға көтеріңкі көңіл күй, бақыт, шаттық, зор деңсаулық тілеймін.
Мерейлі мереке әрбір шаңыраққа таусылмас ырыс әкелсін.
Уважаемые земляки!
Мир и согласие в нашем общем доме являются главным достоянием страны, а дружба народа Казахстана проверена временем.
Казахстан - это единый мощный коллектив, это страна, в которой столько культурных центров. Мы живем как одна семья – люди разных национальностей. Воспитываем детей, работаем, трудимся во благо своей Родины. Для нас самое главное - это жить в мире, в дружбе, в согласии.
День благодарности - это особая дата, которая появилась в нашем государственном и общественном календаре совсем недавно. Однако столь молодой праздник на самом деле основан на глубоком историческом фундаменте. Он является напоминанием о тех непростых временах, когда во всей силе были проявлены самые драгоценные человеческие качества - милосердие, сострадание, взаимовыручка, самопожертвование. Отмечая День благодарности, мы, с одной стороны, смотрим в прошлое, отдавая должное духовному подвигу нашего народа. А с другой стороны, уверенно заглядываем в будущее, путь к которому выстроен на прочных нравственных основах. Мы благодарны шахтинцам за то единство, за то воодушевление, с которым мы вместе строим независимую страну. Уверены, что и дальше будут крепнуть традиции благотворительности и взаимопомощи. Искренне поздравляем всех с Днем благодарности! Желаем всем счастья, семейного благополучия, дружбы и процветания!
С.Аймаков, аким города
Ж.Мамерханова, секретарь
городского маслихата