Заңды тұлғалар үшін БЖЗҚ-дан жаңалықтар

Заңды тұлғалар үшін БЖЗҚ-дан жаңалықтар

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша салымшыларды хабардар ете отырып, белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді.

Сонымен 2022 жылдың 29 қыркүйегінде БЖЗҚ онлайн форматта «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту» тақырыбында кезекті Ашық есік күнін өткізді.

Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.

Іс-шараның мақсаты:

- ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;

- ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде ұйымдастырушылар ЕАЭО елдерінде қызметін жүзеге асыратын еңбек мигранттарының зейнетақы құқықтары қалай іске асырылатыны жөнінде, еңбекшілердің өздері, сол сияқты олардың жұмыс берушілері нені білу және не істеу керектігі жөнінде толық айтып берді. Сондай-ақ қатысушылар сайтта «Заңды тұлғаның кабинеті» бөлімінде қандай жаңа функциялар пайда болғаны және мұның жеке кәсіпкерлер үшін неліктен маңызды екені туралы хабардар болды.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, іс-шара қатысушыларына жеке кеңестер берді.

Онлайн-кездесу орта және шағын бизнес бөлігінде жұмыс берушілердің, сондай-ақ салымшылар мен алушылардың үлкен қызығушылығына ие болды.

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)