Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 2579 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 375, облыс "жасыл" аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 156 640 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 5 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 726 876 адам егілді, бұл жалпы халық санының 50,8%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,5% немесе 679 325 адам егілді, бұл жалпы халық санының 47,5%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 254 468 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 53,5%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 5 тамыздағы мәліметтер бойынша 24 907 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 50,5%.

Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті "ұжымдық иммунитетке" қол жеткізу үшін облыс тұрғындарының кемінде 70% егілуі тиіс екенін еске саламыз, осыған байланысты COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинация алуды ұсынамыз.