Бүгін Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Мажитовтың қатысуымен Шахан кенті әкімінің есеп беру кездесуі өтті. Ғалым Алдыбайұлы Өмірбеков кент тұрғындарының назарына 2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму бойынша ақпарат ұсынды

Тұрғындарды толғандырған мәселелер көтерілді, атап айтқанда "Саран-Шахан-Шахтинск" автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау, жеке меншік сектор үйлеріне жылу трассасын өткізу бойынша жұмыстарды жүргізу, 3а-4а ш/а 14 үйінің бірінші кіреберісінің коммуналдық пәтерлерін қалпына келтіру, көп пәтерлі тұрғын үйлерді орталық жылумен жабдықтауға қосу, газдандыру, бассейн салу, кенттің тазарту құрылыстарын қайта жаңарту.
Кент тұрғындары электрмен жабдықтаудың жоғары тарифіне, кент айналасындағы автомобиль жолының асфальт жабынының сапасына, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, Орталық стадион мінбелерінің апаттылығына шағымданды.
Кездесуге кент ұйымдарының басшылары, коммуналдық қызмет басшылары қатысты.
Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, сондай-ақ хаттамалық түрде көрсетілді.
Кездесу соңында Ғалым Алдыбайұлы жеке қабылдау өткізді.