9 мамыр – бүкіл әлемге Ұлы Отан соғысының аяқталғанын жариялаған қуанышты хабарымен тарихқа енген күн. Бұл жарқын мұң мен салтанатты қуанышқа толы мереке. Ұлы Жеңіс күні адамдардың сол сұрапыл кезеңде нені бастан өткергенін еске салады.
Бұл күні Отанды сақтау жолында шайқастарда ажалмен бетпе-бет келгендерді, тылдағы ерен еңбегімен Жеңісті жақындатқандарды еске аламыз.
Бұл біздің ортақ еске алу күні. Бұл Ұлы ерлік күні.
Нурлан Анетович Багаутдинов Сунгатулла Закарьяновичті, Волкова Вера Александровнаны айтулы мерекемен құттықтап, оларға көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары үшін шынайы алғысын білдіріп, зор денсаулық, сергектік, ұзақ өмір тіледі.