2022 құжаттардың баж алымы

2022 құжаттардың баж алымы

1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді, тиісінше, құжаттарды дайындау құны да өсті.

 2022 жылдың басынан бастап АЕК мөлшері 3063 теңгеге дейін ұлғайды. Осылайша, құжаттарын рәсімдеуші қазақстандықтар 0,2 АЕК-тен 8 АЕК аралығында баж алымын төлейді.

 Құжаттардың құны:

 - паспорт алу - 24 504 теңге (8 АЕК);

 - жеке куәлік - 613 теңге (0,2 АЕК);

 - жүргізуші куәлігі - 3828 теңге (1,25 АЕК);

 - туу туралы куәлік - тегін, бірақ құжат өзгерген, толықтырылған және қалпына келтірілген жағдайда - 1532 теңге (0,5 АЕК);

 - некені тіркеу - 3063 теңге (1 АЕК), куәлікті қайта беру — 3063 теңге (1 АЕК);

 - ажырасуға өтініш беру - 6126 теңге (2 АЕК).