Қарағанды облысы Осакаров ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

Қарағанды облысы Осакаров ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

2022 жылы 13 қантардағы сағат 11.00-де, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,  Осакаров кенті, мекен-жайы бойынша орналасқан Осакаров ауданы әкімі аппаратының ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

 Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2021 жылдың 20 желтоқсаннан бастап 2022 жылдың 12 қаңтарға сағат 17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,  Осакаровка кенті, Хайрулла Байғабылов к-сі 48 (1 қабат, 1 бөлме) мекен-жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.

Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:


жер уч.

ЛОТ

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, бонитет балы)

Ауданы,
 га

ЛОТ

Жалдау мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері, учаскенің кадастырлық нөмірі)

Су

қамтамасыз

ету

Ауданның шаруашылық мамандандыруы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Талшынды, егістік 90,0 га, жайылым 309,0 га, жолдар 0,3 га, жылғалар 0,7 га, балл бонитет – 17

400,0

14

10

Құндызды а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

2

Талшынды, жайылым 194,0 га, жолдар 0,1302 га, жылғалар 1,2 га  балл бонитет – 21

195,3302

39

10

Сұнқар а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

3

Талшынды, жайылым 214,0 га, ТЖ жайлым 85,0 га, жолдар 0,15 га, жылғалар 0,1464 га балл бонитет – 5

214,2964

40

10

Сұнқар а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

4

Талшынды, жайылым 13,8 га, жылғалар 0,2793 га, балл бонитет –25

14,0793

54

10

Озерный а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

5

Талшынды, жайылым 10,4 га, жылғалар 0,2831 га, балл бонитет –34

10,6831

55

10

Озерный а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

6

Талшынды, егістік 27,0 га, жайылым 120,0 га, шабындық 45,0 га,  га, жолдар 0,7862 га, батпақ 26,3 га, балл бонитет – 15

219,0862

57

10

Маржанкөл а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

7

Талшынды, жайылым 131,0 га, жар 3,1254 га балл бонитет – 12

134,1254

58

10

Садовый а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

8

Талшынды, жайылым 151,0 га, ТЖ жайылым 20,0 га,  жылғалар 0,6654 га, батпақ 16,0 га балл бонитет – 10

167,6654

59

10

Садовый а/о

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

9

Талшынды, жайылым  90,0 га, балл бонитет – 11

90,0

60

10

Мирный а/о,

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

Конкурстық ұсыныста болуы тиіс.: 

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікт імамандардың болуы, ашылатынжұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерд і ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әр тараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. 

Конкурстық ұсынысты, "электрондықүкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конверте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалғаалу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады. Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,  Осакаровка кенті, Х.Байғабылова 48 (1 қабат, 1 кабинет) мекен жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар.  Байланыс телефондары: 8 (72149) 24034, электронды  мекенжайы Osak_ozo@krg.gov.kz