Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті Шахтинск тұрғындары мен қала қонақтары!

1 желтоқсан күні біз - барлық қазақстандықтар ерекше мереке - Тұңғыш Президент күнін атап өтеміз. 

Республика Президенті - Қазақстан азаматтарының құқығы мен бостандығының, Конституция тұрақтылығының, мемлекеттік билік пен халық бірлігінің кепілдігі  мен нышаны болып табылады.

Қазақстанның  соңғы  жылдардағы  тарихы  еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Осы күрделі тарихи кезеңді мемлекетіміз ұлттық көшбасшының басшылық етуімен өткізді.

 Содан бері Қазақстан тәуелсіздік  жылдары ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең  деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туы көкке көтерілді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, өзінің қазақстандық даму жолын таңдады.

Бүгінде Елбасымыздың бастауымен экономикамыз нығайып, халықтың әл-ауқаты артты. Қазақстан әлем елдерінің басын қосып, халықаралық ұйымдарға төрағалық ету құрметіне ие болды.

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтап, барлықтарыңызға зор денсаулық, ашық аспан, отбасыларыңызға құт - береке, жемісті еңбек және  ел игілігі жолында атқарып жатқан істеріңізге табыс тілейміз!

Бастаған игі істеріміз нәтижелі, келешегіміз кемел, егемендігіміздің шаңырағы биік болсын!

 

Дорогие земляки!

Сердечно поздравляем вас с праздником - Днем Первого Президента Республики Казахстан!

Вместе с Первым Президентом мы с честью прошли трудные времена и испытания. Под его мудрым руководством за годы независимости люди обрели уверенность в завтрашнем дне. И сегодня Казахстан знают во всем мире как миролюбивое и процветающее государство.

Деятельность Елбасы по укреплению политического суверенитета страны, построению рыночных отношений в экономике, обеспечению социальной справедливости и политической либерализации в обществе, созданию более глубоких и прочных контактов с международными политическими партнерами – все это есть конкретный пример истинного лидерства нашего Первого Президента.

Уважаемые шахтинцы! Желаем вам семейного благополучия, крепкого здоровья и счастья. Пусть наша Родина – Республика Казахстан  -  развивается, крепнет и процветает! Пусть все наши начинания будут результативными, а будущее – светлым!

А.Халтонов, аким г.Шахтинска

Ж.Мамерханова, секретарь городского маслихата