Туберкулез және профилактикалық шаралар

Туберкулез және профилактикалық шаралар

Инфильтративті туберкулез – бұл инфильтраттардың дамуына әсер ететін  қабыну үрдістерімен қатар жүретін өкпе ауруы. Инфильтрат дегеніміз орталығында некрозы бар қабыну ошағы. Туберкулездің бұл түрі басқа түрлеріне қарағанда көбірек тараған (70 %).

Инфильтраттың пайда болуы дене қызуының көтерілуімен басталады. Сырқаттың мазасын келесі жағдайлар алады: қақырық түсіретін жөтел, бүкіл денедегі әлсіздік,тез шаршау, ұйқының келуі.

Көп жағдайда, аурудың басында жалпы интоксикация түріндегі, келесі белгілермен білінеді: дене қызуының көтерілуі,қатты терлеу, жалпы әлсіздік, тез шаршау,жұмыс қабылетінің азаюы, сырыл және қақырықтың көптеп бөлінуімен жүретін жөтел.

Дұрыстап емделмеген жағдайда ауру өршіп, өкпе тінінің белсенді ыдырауы басталады, өкпеде ауыр патологиялық үрдістер орын алады.

Сау адамда ауруға қарсы иммундық қорғаныс болады, сондықтан микробактериялар жоғарғы тыныс жолдарына түскенде, туберкулез дами қоймауы мүмкін, бірақ оларға жағдай жасалған кезде, ауру өзін таныта бастайды. Аурудың дамуының негізгі факторы – иммунитеттің төмендеп,ағзаның әлсіреуі болып табылады.

Туберкулездің дамуына әкелетін факторлар.

Әлеуметтік –тұрмыстық жағдайдың нашарлығы (ыстық, шаң-тозаң, желдетілмеген жерлерде жиі болу; сырқат адаммен үнемі қатынаста болу).Зорығу, қажу, дұрыс тамақтанбау, стресстер.Ұзақ уақыт темекі шегу.

Созылмалы аурулар: бірінші кезекте – өкпе аурулары, қант диабеті, асқазан мен ұлтабарішегінің ойықжара ауруы, маскүнемділік, нашақорлық.

Иммундық жетіспеушілік жағдайларының әртүрі, әсіресе АИТВ мен ЖИТС.

Инфекциялардың бастауы және жұқтыру жолдары.

Инфекцияның бастауы туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам, немесе ауру мал болуы мүмкін.

Ауру әртүрлі жолдармен жұғуы мүмкін.

Ауа-тамшылары жолы – жөтеліп, түшкіріп тұрған сырқат адаммен сөйлескенде.

Тұрмыстық-қатынас жолы – инфекцияның адам ағзасына жараланған тері мен шырышты қабықтар арқылы жұғуы.

Тамақ жолы – туберкулез ауруымен ауыратын малдан алынған өнімдерді (сүт, қышқыл сүт және ет өнімдері ) тамаққа қолданғанда.

Туберкулездің профилактикасы.

Балалар туберкулезінің профилактикасы.

Балалардағы туберкулез ауруының негізгі профилактикалық шаралары – БЦЖ вакцинациясы және химиопрофилактика.

Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес перзентханада БЦЖ екпесі қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда бала өмірінің 2-4 күндері жасалады. БЦЖ вакцинасы адамның жалпы денсаулығына қауіпсіз, жергілікті туберкулез үрдісінің дамуын қамтамасыз ететіндей етіліп теріішілік енгізіледі. Осының әсерінен ағза туберкулез микроогранизмдеріне спецификалық иммунитет қалыптастырады. Екпелер жұқтырулар мен балалардың ауыруларын азайтады, туберкулездің жіті және жайылып кеткен түрлерінің алдын алады. Бұл дегеңіз, екпе алған бала вакцинадан кейін қалыптасқан жақсы иммунитеттің арқасында микобактериялармен кездескенде оларды мүлдем жұқтырмайды, немесе инфекция жеңіл түрде өтеді.

БЦЖ екпесінен кейінгі иммунитет орташа алғанда 5 жыл сақталады. Екпеден қалыптасқан иммунитетті қолдау үшін 6-7 жаста (1-сынып оқушыларына) екпе қайтадан (ревакцинация) жасалады.

Ересектер туберкулезінің профилактикасы

Ересек жастағылар туберкулезінің профилактикасы жыл сайынғы диспансерлік бақылау және ауруды ерте анықтау. Туберкулезді ерте анықтау мақсатында жылына 1 реттен кем емес емханаларда флюорографиялық тексерістерден өтіп тұру керек. Ағзаның ауруға төтеп беруі үшін саламатты өмір салтын ұстану керек, ал оған дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене шынықтарумен айналысу, шынығу жатады.

 «Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы» РММ