Құрметті Шахтинск қаласының және оған іргелес кенттердің тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласының және оған іргелес кенттердің тұрғындары!

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Занының 26-шы бабына сәйкес, Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.

Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: алименттерді өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша құқықтық көмек алу үшін, сіз Қарағанды облысының Әділет департаментіне (8/7212/41-20-78), сондай-ақ Қарағанды облыстық адвокаттар алқасына (8/7212/41-58-94) хабарласа аласыз.