«Жасыл Ел»

«Жасыл Ел»

«Жасыл Ел»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2005 жылдан бастап Қарағанды облысында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының жобасы жүзеге асырылуда.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының басты мақсаты - жазғы демалыс уақытында жастарды жұмыспен қамту, жастарға экологиялық тәрбие беру, қазақстандық патриотизмді дамыту және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру болып табылады.

Жауынгерлер көгалдандыру, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жүргізді, түрлі тақырыптық іс-шараларға қатысты, экологиялық акциялар өткізді.

Ағымдағы жылы Шахтинск қаласында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағына 90 адам қатысты.

2021 жылғы 7 қазанда «Достар Әлем» қонақүй кешенінде Қарағанды облысының «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының 17-ші жұмыс маусымының қорытындысын шығарумен салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.

Жабылу салтанаты аясында бұл жобаның өңірлердегі үздік орындаушылары марапатталды. Шахтинск қаласының штабы «Үздік штаб» номинациясымен марапатталды.