Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ Шахтинск қаласы, Абай Құнанабаев даңғылы, 50а мекен-жайы бойынша 13.10.2021 жылы сағат 16.00-де өтетін жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

2.Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:

Пакет

Маршрут №

Маршрут атауы 

Резервті ескере отырып, автобустар саны

 

 

1

 

1

Шахтинск қаласы – Шахан кенті 

8

2

Шахтинск қаласы – Жартас ауылы

8

3

Шахтинск қаласы – Новодолинский кенті

7

3.Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

4.Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Шахтинск қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесі 101, №5 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.

5.Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2021 жылғы 29 қыркүйек сағат 17-00 ге дейін.

6.2021 жылғы 20 қыркүйекте конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

7.Анықтама алу үшiн телефондар: 8(72156)4-49-69, 5-46-77.