Қарағанды облысында халық санағының дайындық кезеңі аяқталуда

Қарағанды облысында халық санағының дайындық кезеңі аяқталуда

Қарағанды облысында халық санағының тұрғын үйлер және тұрғын емес үй-жайлар тізімін қалыптастыру бойынша дайындық кезеңі аяқталуда. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап әр елді мекенде халық санағының интервьюерлерімен халық тұратын тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралау жүргізіледі, мекенжай деректері нақтыланады және өңделеді және елді мекендердің картографиялық материалдары өзектендіріледі. Алынған деректер «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орнының және «Планшетте деректерді жинау» мобильді қосымшаның көмегі арқылы жинау және өңдеу жүргізіледі. Жұмыстар ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жүргізіледі.
Қарағанды облысында жұмыстарды жүргізу үшін 66 нұсқаушы-бақылаушы және 486 интервьюер тартылған. Уақытша санақ персоналы жиналған ақпаратты жинау үшін планшеттегі арнайы мобильді қосымшада жұмыс жасау бойынша оқудан өтті.
Санақ персоналы жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Дала жұмыстары кезінде санақ қызметкерлерінің қауіпсіздігін жергілікті полиция қамтамасыз етеді.
Дайындық кезеңінің қорытындысы бойынша аудандастыру өткізіледі, яғни 2021 жылғы қыркүйек-қазанда негізгі халық санағын өткізу үшін облыстың аумағын нұсқаулық және есептік учаскелерге бөлу.