Бақылауда

Бақылауда

Қала әкімі Ә.Халтонов мемлекеттік мекемелердің, қалалық ұйымдардың, коммуналдық қызметтердің жауапты басшыларымен қалада қазба жұмыстары жүргізілген жерлерді аралап шықты.  Қаланы аралау барысында қала басшысы осы учаскелерді абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына қатысты бірқатар ескертулер жасады.

Сонымен қатар, Қоңыр – Төбе шоқысында барып, арқан жолдың ахуалын қарап шықты. «Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй бөлімі» ММ басшысы Е. Исатаевтың ақпараты бойынша қазіргі таңда осы объектіні қызмет көрсету үшін сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, осы аумақты бұдан әрі  абаттандыру мәсесі қарастырылып жатыр.

Қаланы аралау нәтижесінде қала әкімі қазылған жерлерді жақын арада абаттандыру және арқан жолды осы жылы қолданысқа беру туралы тапсырма берді.

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі