Қала әкімі Новодолинский кентінде кеңес өткізді

Қала әкімі Новодолинский кентінде кеңес өткізді

Қала әкімі Ә.Халтонов Новодолинский кентінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жауапты басшыларымен, қызмет көрсетушілермен кеңес өткізді.

Кент әкімі А.Түсіпов кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, биылғы жылы абаттандыру жөніндегі  жоспарлар, перспективалық жоспарлар туралы есеп берді.

Баяндамада әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерін жаңа жылу беру маусымына дайындау, сондай-ақ, 5«Б» бағытындағы  автобустарды жаңарту сияқты түйінді мәселені қарастыру, көп қабатты тұрғын үй секторында ҚТҚ контейнерлік жинау мен шығаруды енгізу, жылу беру маусымына дайындық жүргізу аясында энергия беруші ұйым - «КРЭК» ЖШС электр желілері мен жабдықтарына тиісті жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі, футбол алаңының ӘБК ғимаратының құрылысы, кенттің кәріз-тазарту құрылыстарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелеріне басты назар аударылды.

Әр мәселені егжей – тегжейлі зерттегеннен кейін қала әкімі қолданымдағы заңнама аясында оларды шешудің әртүрлі нұсқалары қарастырылатынын атап өтті.

Кездесу соңында осындай кеңестерді тұрақты өткізіп тұру  туралы шешім қабылданды.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі