Сындарлы сұхбат

Сындарлы сұхбат

Қала әкімі Ә.Халтонов шахта директорларымен, «Құрылысмет» ЖШС №2 өндірісінің (НОММ зауыты) бастығы М.Мұратбековамен, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Е.Буслаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында алдағы уақытта  көмір өнеркәсібін дамыту, көмір өндіру көлемі көрсеткіштерін орындау, еңбек қауіпсіздігі, ұжымдық келісім тармақтарының орындалуы сияқты өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ, 2017 жылдың желтоқсан айында орын алған ереуілден кейін кеншілер қойған талаптардың орындалуына талдау жасалды.

Қала әкімі кеншілердің талаптарының бірі –  дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы болғанын, оны ағымдағы жылы аяқтау жоспарланғанын атап өтті. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылу беру маусымына дайындық жүргізу, қаланы абаттандыру,  санитарлық тазалау және өңірді дамыту жөніндегі өзге де мәселелер бойынша ақпарат берді.

Кездесу алдында Ә.Халтонов осы өндірістік кәсіпорындардың өндірістік қызметімен танысып, әр шахтаның кенжарына түскен болатын.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі