Құрметті Шахтинск тұрғындары!

Құрметті Шахтинск тұрғындары!

Құрметті Шахтинск тұрғындары!

Жыл сайын еліміз 4 маусымда Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелейді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік нышандарының тарихы еліміздің жаңа тарихымен өте тығыз байланысты.

Еліміздің еңсесі биік, санаулы тәуелсіз тарихына қарамастан, бүгінде мемлекеттік рәміздеріміз бүкіл әлемге танымал. Олар - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер болып табылады. Елдігіміздің айғағы саналатын мемлекеттік нышандарды қастерлеу - әрбір қазақстандықтың, болашақ ұрпақтың қасиетті парызы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші.

Ендеше, азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.

Құрметті жерлестер!

Барлықтарыңызды мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!  Аспанымыз қашанда көк туымыздай ашық болып, елдің мәртебесі қырандай биіктей берсін!

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

 

Уважаемые шахтинцы!

4 июня наша страна отмечает один из важнейших праздников – День государственных символов Республики Казахстан. Это - праздник единства нации и достижений суверенного Казахстана. Наши символы – наша гордость! Они являются неотъемлемой частью независимого государства, играют особую роль в деле формирования патриотизма и воспитания, в первую очередь, молодого поколения.

История государственных символов Республики Казахстан тесно связана с новейшей историей страны, и 4 июня 1992 года навсегда останется в нашей истории и в памяти народа, как день их рождения.

Сегодня символика Казахстана узнаваема во всем мире. И это не случайно. Ведь за тот довольно короткий, но сложный и содержательный период существования независимого Казахстана, мы доказали миру свою состоятельность, зрелость, умение находить выход из любых, даже самых сложных, ситуаций.

Уважаемые земляки!

Примите наши сердечные поздравления с государственным праздником – Днем государственных символов Республики Казахстан! В этот светлый праздничный день желаем всем крепкого здоровья, счастья и благополучия.

Пусть процветает наша Родина – Республика Казахстан!

А.Халтонов, аким г.Шахтинска

Ж.Мамерханова, секретарь городского маслихата