Қала әкімі «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Шахтинскводоканал» ЖШС барып қайтты

Қала әкімі «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Шахтинскводоканал» ЖШС барып қайтты

Қала әкімі «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Шахтинскводоканал» ЖШС барып қайтты

Қала әкімі Ә.Халтонов «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Шахтинскводоканал» ЖШС коммуналдық кәсіпорындарының қызметімен танысты.

 "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС директоры М.Алимов 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу жөніндегі ағымдық жағдай туралы есеп берді. Қазіргі уақытта станцияны жаңа жылу беру маусымына дайындау жөніндегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі және қосалқы жабдықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылу желілерінің авариялық учаскелерін ауыстыру жұмыстарын орындау жоспарланған.

«Шахтинскводоканал» ЖШС директоры Н.Рахимбергенов әкімді арнайы техника автопаркінің, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін қазіргі заманауи операциялық бөлімнің, Шахтинск қаласының кәріз сорғы станциясы мен тазарту құрылыстарының жұмысымен таныстырды.

Кәсіпорындарды аралау соңында қала әкімі барлық түйінді мәселелердің кезең-кезеңмен шешілетінін атап өтті, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі