Шахтинск қаласының әкімі Новодолинский кентіне барып қайтты

Шахтинск қаласының әкімі Новодолинский кентіне барып қайтты
Қала әкімі Ә.Халтонов Новодолинский кентіне барып қайтты. Кенттегі барлық білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Шахтинск филиалының технологиялық көлік басқармасының жұмысымен танысып шықты. Қала басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде салынған футбол алаңына оң баға берді.
Кент әкімі әлеуметтік-экономикалық жағдай, атқарылып жатқан жұмыстар мен абаттандыру жоспарлары туралы баяндады. Кентте топырақ жолдарға ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды.
Іссапар соңында қала әкімі кент әкіміне кентті дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
 
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі