Аким города поздравил ветеранов Великой Отечественной войны с великим праздником – Днем Победы

Аким города поздравил ветеранов Великой Отечественной войны с великим праздником – Днем Победы
9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі – осынау мерекенің жемісі. Ұлы Жеңіске жетіп, бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге алғысымыз шексізн. Ұлы Жеңісті жақындату үшін майданда да, тылда да аянбай күреске түскен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
Жеңіс күні қарсаңында Шахтинск қаласы әкімінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесуі жақсы дәстүрге айналды. Қала әкімі А.Халтонов Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді – Николай Ионович Чирышев пен Анна Семеновна Сазонованы Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға қайсарлығы мен көрсеткен ерлігі үшін шексіз алғысын білдіре отырып, той иелеріне зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас күш-қуат тіледі және бағалы сыйлықтар табыс етті.
Өкінішке орай, жыл санап біздің ардагерлеріміздің қатары азайып келеді, сондықтан да, өзінің өмірі мен денсаулығын қатерге тіге отырып, бізге Жеңіс күндер сыйлаған тұлғаларды мәңгі жадымызда сақтап, олардың ерлігі туралы келер ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
 
Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі