Қала әкімі ардагерлер кеңесімен кездесті

Қала әкімі ардагерлер кеңесімен кездесті

Қала әкімі А.Халтонов ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Сметовпен және қаланың Құрметті азаматымен, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Көмір департаментінің ардагерлері» ҚБ төрағасының орынбасары Б. Жуковпен кездесті.

Кездесу басында қала әкімі қаланы дамыту мәселелерін шешу үшін аға буынның дана кеңестері мен нұсқаулары, өмірлік тәжірибеге негізделген олардың пікірлері әрқашан маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, белсенді өмірлік ұстанымы, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге деген сезімтал қарым-қатынасы, өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа беруі және шексіз патриотизмі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және нық сенім тіледі.

Кездесу қатысушылары түрлі мәселелерді талқылап, әкімге жүргізіліп жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлар туралы айтып, әкімге жұмыста табыс тіледі.

 Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі