Қала әкімі дін өкілдерімен кездесті

Қала әкімі дін өкілдерімен кездесті

Қала әкімі А.Халтонов дін өкілдері – мешіт имамы А. Ибраевпен және православие шіркеуінің діни қызметкері Дмитриймен кездесті. Кездесудің мақсаты рухани көшбасшылармен және өңірдегі діни бірлестіктердің қызметімен танысу болып табылады.

Алдымен әкім діни мерекелер Рамазан және Пасхамен құттықтап, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау ісіндегі жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.

Кездесу қатысушылары мемлекеттік мекемелер мен діни бірлестіктер арасындағы бейбітшілікті, азаматтық келісімді насихаттау, тұрғындар арасында рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қала әкімі әр түрлі мәселелерді шешуге қолдау көрсетуге дайын екендігін білдіріп, жыл соңына дейін көтерілген мәселелерді, атап айтқанда шіркеу аумағын абаттандыру және «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС алдындағы жылу энергиясы үшін қарызды өтеу мәселесін шешетініне уәде берді.

Өз кезегінде, дін өкілдері әкімге жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік және табыс тіледі.

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі