Маңызды нысан

Маңызды нысан

Біздің өңірге жұмыс сапарымен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Алпысов келді. Сапардың негізгі мақсаты - Шахан кентіндегі орталық қазандықтың және Шахтинск қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын тексеру.

Бүгінгі таңда қазандық құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 80% - ға аяқталды, жылу трассасын монтаждау және кварталішілік жылу желілерін салу жұмыстары жалғасуда.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары бекітілген жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Бұл нысандарды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары аталған нысандардың әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, қала әкіміне олардың салыну барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі