Денсаулық сақтау объектілері ерекше бақылауда

Денсаулық сақтау объектілері ерекше бақылауда

Біздің қалаға Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Тоқсамбаев келді. Қала әкімі Ә.Халтоновпен бірге олар барлық денсаулық сақтау мекемелерін, соның ішінде емхана, орталық аурухана, инфекциялық бөлімше ғимараттарын аралап көрді. Емхана директоры М.Қажыкенов және орталық аурухана директоры М.Байманов жөндеу жұмыстарының барысы, материалдық-техникалық база, вакцинация жұмыстары туралы баяндады. Ағымдағы жылы орталық аурухана мен емхана ғимараттарыда күрделі жөндеу аяқталады.

Сапар қорытындысы бойынша Г.Тоқсамбаев жөндеу жұмыстарының барысын және медициналық қызметтердің сапасын ерекше бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі