Маңызды нысан

Маңызды нысан

Шахтинск қаласының әкімі А.Халтонов өзінің алғашқы жұмыс сапарын Шахан кентінің орталық қазандығы мен кварталішілік жылу желілерінің құрылысы объектісінен бастады. Аталмыш нысан құрылысы биылғы жылы аяқталады.

Құрылыс алаңындағы кеңеске «Механомонтаж-2004» ЖШС және «Карагандастройконструкция» ЖШС мердігерлік ұйымдарының басшысылары, авторлық және техникалық қадағалау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Барлық жауапты тұлғалар қазандық құрылысындағы ағымдық  жағдай туралы баяндады.

Бүгінгі таңда қазандық құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ға аяқталды, жылу трассасын монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Кварталішілік жылу желілерінің құрылысы бойынша 3360 м. траншея әзірлеу, 10 камера орнату жұмыстары атқарылды, 16 үйге және бірнеше әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілеріне жылу трассасы тартылды.

Кездесу соңында қала әкімі қазандық пен жылу желілері құрылысы бақылауда екенін және осындай кездесулер тұрақты өткізілетінін атап өтті.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі