Құрметті Шахтинск қаласының және кенттердің тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласының және кенттердің тұрғындары!

17 сәуірден 17 маусымға дейін жалпы Қарағанды облысы бойынша абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық жарияланды. Біздің қаламызда бірінші ауқымды сенбілік ертең, яғни 17 сәуірде өтеді.

Тек коммуналдық қызметтердің, мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттік ұйым қызметкерлерінің күшімен біз қаламызды қоқыстан толық тазарта алмайтынымызды баршамыз түсінуіміз керек. Қаламыздың әр тұрғыны қаламызды тазартуға өз үлесін қоспаса, бұл игі істі біз ойдағыдай атқара алмаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, тек барлығымыз жұмылып, бірігіп істеген істің нәтижесі ойдағыдай болады.  Сенбілік — ол біздің қаламыздың таза болуына әр азаматтың қосқан үлесі!

Қаламыздың барша тұрғындарынан көшелерді, скверлерді және саябақтарды санитарлық тазартумен қоса өз үйлерінің ауласын да тазартуға белсене ат салысуларын сұраймын. Себебі дәл сол өзіміздің үйіміздің ауласында біз жақындарымызбен бірге бос уақытымызды өткіземіз,  біздің балалар күн сайын сол жерде ойнайды.

Өз аумақтарын санитарлық тазартуға ат салысу туралы біздің үндеуімізге үн қосқан қала ұйымдары мен кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлеріне, шағын және орта бизнес субъектілеріне алғысымды білдіремін. Қаланы санитарлық тазартуға ат салысып, көмек көрсеткені үшін қаламыздың «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС және «Шахтинскводоканал» ЖШС коммуналдық кәсіпорындарының қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.

Сіз бен біз болып бірлесе жасаған жұмыстың нәтижесінде қаламыздың аулалары, көшелері, скверлері және саябақтары тазарып, көркейе түсетініне сенімдімін.  

Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов