Қала әкімі көктемгі екі айлық өткізу жөнінде кеңес өткізді

Қала әкімі көктемгі екі айлық өткізу жөнінде кеңес өткізді

16 сәуірде қала әкімі С.Аймақов ZOOM-конференциясында Шахтинск қаласын және кенттерді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық өткізу мәселесі туралы кеңес өткізді.

Осы мәселе бойынша ақпаратты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» ММ бөлімінің басшысы Е.Исатаев баяндады, ол көктемгі екі айлық барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, кондоминиум объектілерінің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек ұжымдарын тарта отырып, 17 сәуірден 17 маусымға дейін өтетіндігін хабарлады. Қала аумағы учаскелерге бөлінген, олардың барлығы бюджеттік ұйымдардың жауапты тұлғаларына бекітілген.

Кеңеске қатысушылар Шахтинск аймағын  абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарастырды және талқылады.

Кеңесті қорытындылай отырып, қала әкімі  С. Аймақов мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтердің басшыларына нақты тапсырмалар,   полиция бөлімінің басшылығына рейдтік іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру туралы тапсырма берді.


Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі