6 сәуірде қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен ZOOM-конференциясында кезекті аппараттық кеңес өтті.
Ветеринарлық-санитарлық бақылау-қадағалауына жататын ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы бақылау функциясын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шахтинск қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Қ.Абдикаримов баяндады.
Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, егу, диагностикалау жөніндегі ақпарат берілді.
Ауыл шаруашылығы малдарының, мал шаруашылығы өнімдері мен азық – түлік өнімдерінің заңсыз тасымалдануының алдын алу мақсатында Шахтинск қаласы аумағында орналасқан ішкі сауда орындарында, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде бақылау қадағалау іс- шаралары жүргізіледі. Бұл іс-шаралар халықтың тамақ өнімдері қауіпсіздігін және аса қәуіпті аурулардың таралуының алдын алуды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Ағымдағы жылдың басынан 3 нұсқама берілді, бір әкімшілік заң бұзушылық анықталып, айыппұл салынды.
Шахтинск өңірінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанованың баяндамасы тыңдалды.
Бүгінгі таңда Шахтинск аймағындағы жастар саны 10000-нан астам адамды құрайды.
Баяндамашы Шахтинск қаласының жастар ресурстық орталығының және олардың кенттердегі филиалдарының, қала әкімдігінің жанындағы жастар, «Взгляд молодых» ЖҚБ, еріктілер ісі жөніндегі кеңестің қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылған іс-шараларға толық тоқталып өтті.
Сондай-ақ, NEET ұрпағымен жүргізіліп жатқан жұмыстар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жастарды жұмыспен қамту мәселесі туралы баяндады. Баяндамада жастардың түрлі облыстық конкурстарға, жобаларға қатысуына ерекше назар аударылатыны айтылды. Өткен жылы біздің екі жас кәсіпкер Қарағанды облысы әкімінің грантына ие болды, ZhasProject әлеуметтік жобасы аясында Шахтинск аймағы бойынша 8 жоба мақұлданды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 17 пәтер берілді.
Аппараттық кеңес соңында қала әкімі жауапты тұлғаларға ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстарды бұдан әрі де жалғастыруды тапсырды.
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі