Қала әкімі С. Аймақов қаладағы және кенттердегі су тасқыны қаупі бар деген жерлерді аралап шықты. «Горкомхоз» ЖШС мердігер ұйымының басшысы, кент әкімдері су өткізу құбырларын, нөсер кәріз жүйелерін, су ағарларды тазарту, еріген қар суын ағызу және қар шығару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Қала әкімі бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
2 сәуірдегі жағдай бойынша қала және кенттердің көшелерінен 101934 м3 қар шығарылды. Нөсер кәріз жүйелері мен су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары күн сайын жүргізілуде.
Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі