Маңызды мәселелер қаралды

Маңызды мәселелер қаралды

Қалалық мәслихат депутаты Е.Керімқұловтың төрағалығымен өткен Шахтинск қаласы маслихатының кезекті III сессиясының  күн тәртібі өте ауқымды болды. Депутаттық корпус 11 мәселені қарастырып, сол мәселелер бойынша шешімдер қабылдау керек болды. Сессия ZOOM-конференция режимінде өтті.

Шахтинск аймағында жолаушылар тасымалын дамыту жағдайы мен болашағы туралы Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімінің басшысы Е.Исатаев баяндады.

Автобус паркі 2019 жылы ішінара жаңартылған (5,5б, 227 автобустары), қолдағы 26 автобусқа қоса 5 жаңа автобус сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Автобус паркінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап бейімделуіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта тұрақты қалалық бағыттарды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы автовокзал ғимараты қалпына келтіріліп, оның аумағы абаттандырылады.

Ақпаратты «№3 автобус паркі» ЖШС автоколоннасының бастығы Г.Долгопятов толықтырды, ол ең проблемалық мәселе ол білікті кадрлардың жетіспеушілігі екенін атап өтті. 

Бұл мәселеге деген өзінің депутаттық көзқарасын қалалық мәслихаттың депутаты, уақытша жұмыс комиссиясының басшысы А.Омарбеков өз баяндамасында білдірді. Егжей-тегжейлі талдау жасар алдында уақытша комиссия ауқымды жұмыс жүргізді: жауапты облыстық және қалалық құрылымдардың қатысуымен 5 отырыс өткізді, автобус бағыттары бойынша жолдарды аралады, аялдама павильондарын қарап шықты, №3 автобус паркінің әкімшілік ғимараттарына барды, диспетчерлік пункттің жұмысы, жүргізушілердің нысанды киіммен қамтамасыз етілу мәселесін зерттеді. Анықталған проблемалардың ішінде аялдама павильондарының кейбір учаскелерінде пандустардың болмауы, білікті кадрлардың жоқтығы айтылды, ал ол өз кезегінде автобустардың қозғалыс кестелерінің бұзылуына әкеп соғады, сондай-ақ, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы, атап айтқанда, Долинка кенті аумағындағы балласт өндіру карьерлері  бағыттардағы қозғалысы, қаладағы заңсыз тасымалдаушылардың қызметі сияқты түйінді мәселелер айтылды.  Осы түйінді мәселелерді қарастыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Қала мен кенттердің бюджеттеріне енгізілген өзгертулер туралы ақпаратты экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары  Э.Федюшкина баяндады. Еркін қалдықтағы қаражатты қайта бөлу және қалалық бюджетке аударымдар нормативінің ұлғаюы есебінен бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері ұлғайды, шығыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Кенттердің бюджетін нақтылау мәселесі жеке қаралды.

Одан кейін депутаттар сессияның күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді қарастырды. Бұл мәселелер тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралғандықтан, сессияда олар нақты бекітіледі. Қала әкімдігі жанындағы арнайы кеңестер мен комиссиялардың бірқатар дербес құрамдарындағы өзгерістер бекітілді. Дәстүр бойынша келесі сессияның төрағасы, редакциялық алқасы және күн тәртібі бекітілді.

Сессия соңында қала әкімі С.Аймақов сөз сөйлеп, депутаттарға атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтып, айтылған ескертулер мен ұсыныстар назарға алынатынын және алда жұмыс бабында пайдаланылатынын жеткізді.

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі