«Жер сағаты»

«Жер сағаты»

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Сіздерді 2021 жылғы 27 наурызда «Жер сағаты» халықаралық акциясына қатысуға және 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты өшіруге шақырамыз.

Халықаралық акция биыл 15-ші рет өткізіліп отыр. Оған жыл сайын әлемнің 188 елінен екі миллиардтан астам адам қатысады. Бүкіл әлемдегі адамдар табиғи ресурстардың сарқылу проблемасына назар аудару үшін шамдарды бір сағатқа өшіреді.

Қазақстан Халықаралық флешмобқа 2009 жылы қосылды. Биыл аталған акцияға Қарағанды облысының экология департаменті қосылады. Іс-шараны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Жәйрем КБК» АҚ, «Nova Цинк» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС ірі компанияларының қатысуымен өткізу жоспарланып отыр.

Пайдалы экологиялық акция бастамасын қолдауыңызды және белгіленген күні сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін үйлеріңіздегі электр қуатын өшіруді сұраймыз.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы