Маңызды күндер

Маңызды күндер

2021 жыл біздің еліміз бен қаламыз үшін ерекше жыл. Биыл біз еліміздің тарихындағы ең маңызды және атаулы мерей той – еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және сүйікті қаламыздың 60 жылдық мерей тойын атап өтпекпіз. Қазіргі уақытта түрлі іс-шараларды дайындау және өткізу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мерейтойға толы биылғы жылы біздің өңірімізде мәдени, спорттық, қоғамдық-саяси сипаттағы бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр және жыл соңына дейін әлі де өткізіледі, әлеуметтік маңызы бар объектілер ашылады, қолданысқа тұрғын үйлер беріледі, көшелер, аулалар, қала саябақтары абаттандырылады, энциклопедиялар, кітаптар, мұрағаттық құжаттар жинағы, фильм шығаруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала әкімі С.Аймақов мерейтойларды мерекелеуді ұйымдастыру мәселесі жөніндегі кезекті кеңес өткізді. Ол мерекелердің маңыздылығын атап өте келе, осы мерейтойлық жылда бірнеше атаулы күндер аталып өтетінін, дәлірек айтқанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қажымұқанның 150 жылдығы, басқа да тарихи тұлғалардың мерейтойлары аталып өтетінін айтып өтті. Сондай-ақ, биыл Семей полигонының жабылуына 30 жыл толады.

С.Аймақов ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі тапсырмаларына баса назар аударды. «Президент мерейтой кезінде бірінші кезекте өскелең ұрпаққа бағытталған іс - шараларды өткізу міндетін қойды», - деді ол.

Қаламыздың мерейтойы бойынша қала әкімі мерейтой 15 қаңтарда құрметті азаматтарды, қаламыздың негізін қалаушы құрылысшыларды, түрлі қызмет салаларындағы құрметті қызметкерлерді, жұртшылықты онлайн-құттықтау іс-шарасымен ресми бастау алғанын атап өтті. Осы күннен бастап жыл соңына дейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаламыздың 60 жылдығына ұштастырылып жоспарланған барлық іс-шаралар өтеді. Басты салтанатты іс-шараны тамыздың соңғы жексенбісінде, Қала күні мен Кеншілер күні өткізу жоспарланған. Осы мерейтойларды мерекелеу жөніндегі жалпы қалалық іс-шаралар жоспары әзірленген, ол біздің www.shahtinsk.gov.kz сайтымызда орналастырылған. Кеңес барысында мерекені өткізу бойынша келіп түскен ұсыныстар мен толықтырулар қарастырылды.

Кеңесті қорытындылай келе, қала әкімі жауапты тұлғаларға барлық ұсыныстарды қарап, оларды мерейтойларды мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың түпкілікті жоспарына енгізу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы