Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шахтинск қаласының 60 жылдық мерей тойларына арнап «Шахтинский вестник» газетінің редакциясы «История в снимках» атты жаңа фотогалерея айдарын ашты.

Көптеген Шахтинск қаласы тұрғындарының отбасылық мұрағаттарында қаламыздың, оның тұрғындарының шынайы өмірі мен тарихын көрсететін ескі ақ-қара фотосуреттер ұқыпты сақталған.

Ең қызықты фотосуреттер газет беттерінде жарияланады.

Фотосуреттерді тікелей газет редакциясына әкелуге болады (сканерлегеннен кейін фотосуреттер иесісіне қайтарылады) немесе фотосуреттерді shahtinskvestnik@mail.ru электрондық пошта мекенжайы арқылы жолдауға болады. Фотосуреттер анық, сапалы болуы керек, мүмкін болса түсірілім орны мен жылы, фотосуреттің иесі көрсетілуі керек.

Біз сіздерден сүйікті қаламыздың өмірі мен қалыптасу барысын сипаттайтын қызықты фотосуреттер күтеміз.

Газет редакциясы Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101,3 қабат мекенжайында орналасқан. Байланыс телефон нөмірлері  тел. 5-31-88,5-66-57, 5-03-34.