«Шахтинский вестник» газетінің редакциясы қаламыздың 60 жылдық мерей тойына арналған «Жырымды саған арнаймын, туған қалам – Шахтинск» атты авторлық өлеңдер байқауын жариялайды

«Шахтинский вестник» газетінің редакциясы қаламыздың 60 жылдық мерей тойына арналған «Жырымды саған арнаймын, туған қалам – Шахтинск» атты авторлық өлеңдер байқауын жариялайды

«Шахтинский вестник» газетінің редакциясы қаламыздың 60 жылдық мерей тойына арналған «Жырымды саған арнаймын, туған қалам – Шахтинск» атты авторлық өлеңдер байқауын жариялайды. Байқау 2021 жылғы 25 ақпаннан 25 тамызға дейінгі аралықта өтеді.

Байқауды ұйымдастырушы  «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Шахтинск ИНФО» ЖШС, Шахтинск қаласының Орталық кітапхана жүйесі.

Байқауға қатысу үшін қатысушы ұйымдастырушыларға: нысан бойынша толтырылған өтінімді; талаптарға сәйкес жұмыстарды ұсынуы қажет. Байқауға қатысуға арналған өтінімді толтыру үшін Шахтинск қаласы әкімдігінің сайтындағы «Шахтинск қаласына  60 жыл» «Байқау» бөліміне кіріп өтінім нысанын алуға болады.

Жұмыстарды қабылдау:

- байқауға қажетті құжаттарды shahtinskvestnik@mail.ru электрондық поштасына  «байқау» деген белгімен жолдау арқылы;

- Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101, 3 қабат мекенжайында орналасқан «Шахтинский вестник» газетінің редакциясына қағазға басып шығарылған сипатта және электронды тасымалдағышта  шығармаларды жеке өзі ұсыну арқылы қабылданады. Анықтама телефондары: 5-31-88, 5-66-57, 5-03-34.

Байқауға қатысушылар үш шығармадан артық ұсына алмайды. Барлық жұмыстар ұйымдастырушыға бір мезетте бір пакетте ұсынылу керек. Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданған жағдайда  байқауға қатысушыларға олардың байқауға қатысу туралы өтінімдері қабылданғаны және оларды іріктеуге енгізгендігі туралы растайтын хат жолданады.

Байқауды ұйымдастырушы: жұмыстар осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда автордан жұмыстарды байқауға қабылдаудан бас тартуға; авторлық құқыққа қатысты даулы мәселелер туындаған жағдайда туындыны байқаудан кез-келген уақытта алып тастауға құқығы бар.

Байқауға ұсынылған жұмыстар «Шахтинский вестник» газетінде жарияланады және Шахтинск қаласының Орталық қалалық кітапханасының сайтында орналастырылады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар авторға қайтарылмайды. Байқауды  ұйымдастырушы ұсынылған жұмыстардың авторын көрсете отырып, шығармаларды тұсаукесер, көрме және т.б. іс-шараларда пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

Шахтинск аймағының кез келген тұрғыны байқауға қатыса алады, олар шығармасын бүркеме атпен жариялауға құқылы.

 

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған, атауы бар өлеңдер Шахтинск қаласына арналуы тиіс, түсініктемелермен қоса беруге  болады. Жұмыс көлемі-сегізден отыз екі ұйқастан құралған өлең жолдары (2- 8 шумаққа дейін), олар әдеби нормаға сәйкес келуі керек. Нормативтік емес лексикасы бар өлеңдер, қазақ немесе орыс тілдерінде мағынасы бұрмаланып жазылған мәтіндер, сондай-ақ мазмұнында ұлтаралық және діни алауыздықты тудыратын белгілері бар материалдар байқауға қатыстырылмайды.

Үздік үш жұмыс I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттау Қала күні мен Кеншілер күнін мерекелеу барысында өтеді.

Байқау туралы ереженің толық мәтінін және өтінім нысанын Шахтинск қаласы әкімдігінің сайтынан көре аласыздар (біздің сайтымызға сілтеме).