Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбектің халыққа есеп беру кездесуін өткізу аясында 2021 жылғы 18 ақпанда Шахтинск қаласының әкімі С.Аймақов ZOOM-конференция арқылы онлайн-режимде «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізді. Азаматтарды қабылдау Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бір мезетте өтті.
Шахтинск қаласының бес тұрғыны тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік, абаттандыру, кәсіпкерлік, білім беру мәселелеріне қатысты өтініш білдірді.
Әкім әр мәселе бойынша толық түсініктеме берді, олардың барлығы мәселені бұдан әрі шешу үшін бақылауға алынды. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы