Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

16 ақпанда қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен ZOOM-конференциясында кезекті аппараттық кеңес  өтті.  

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру барысы туралы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ибраева ақпаратты берді. Тілдерді оқыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді. Өткен жылы мемлекеттік тілді оқыту бойынша онлайн-курстармен 162 адам, ағылшын тілін оқыту курсы бойынша 98 тыңдаушы қамтылды. Карантинге байланысты ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу жүргізілген жоқ. Мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мақсатында бөлім «Бастау» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп онлайн-режимде түрлі конкурстар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, баяндамашы ономастика және көрнекі жарнама саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударды.

Аймақтың су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы әкімнің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Н.Мажитов баяндады.

Жаз және күз айларында Шахтинск қаласында нөсер кәріздері мен су өткізу құбырларын орнату және тазарту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда «Шахтинск қаласының ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй бөлімі» ММ Шахтинск қаласының нөсер кәрізін ұстау және қалпына келтіру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жариялады. Наурыз айында мердігер ұйым анықталады. Қала әкімінің аппараты 2 сорғы қондырғысын, 3 портативті акустикалық жүйені сатып алды. Қолда бар арнайы және сору техникасына тексеру жүргізілді, арнайы қап қорлары құрылды. Халықпен ақпараттық-профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Кент әкімдері су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін жергілікті жерлерде жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сапалы және тиімді іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды, сондай-ақ су тасқыны кезеңі басталғанға дейін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуге бірқатар тапсырмалар берді.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы