Долинка және Северо – Западный кенттері әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі

Долинка және Северо – Западный кенттері әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі

21 қаңтарда Долинка және Северо – Западный кенттерінің тұрғындары кент әкімі М.-С.Бдуовтың есеп беру кездесуінде кенттің 2020 жылы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындыларымен, 2021 жылға қойылған міндеттермен және кентті бұдан әрі дамытудың негізгі бағыттарымен танысты. Жергілікті атқарушы билік пен тұрғындардың бетпе-бет сұхбатына Шахтинск қаласы маслихаттының хатшысы Ж.Мамерханова да қатысты. Долинка кентінің тұрғындарымен есеп беру кездесуіне қалалық мәслихат депутаттары А.Омарбеков, А. Меллятов қатысты. Есеп беру кездесуі аз адамның қатысуымен және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өзгеше нысанда өтті.

Кентте шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы «Финансовые партнеры» ЖШС балмұздақ дайындайтын цех ашылды, өнім облыс тұрғындары арасында танымал, 25 жұмыс орны құрылды. ҚР Тәуелсіздік күніне орай Северо-Западный кентінде швейцарлық стильде «Shale» кафесі ашылды. Ауылшаруашылығы саласында оң динамика байқалды. Коммуналдық қызметтердің жұмысы, аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыс орындарын сақтап қалу жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласындағы оң өзгерістерді атап өтілді. «Цвинар» ЖК спорттық шағын кешені ашты. Есеп беру кезеңінде 4 және 8 жалпы білім беру мектептерінің аумағы абаттандырылды. №8 жалпы білім беру мектебінің қазандығына қайта құру жұмыстары жүргізілді, толық жабдықталған жаңа биология кабинеті, лингафондық мультимедиялық кабинет орнатылды, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Карантин кезінде халыққа көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндамада жеке тақырып болды.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп тұрады. Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар келіп түскен жоқ, барлық өтініштер оларға тиісті мерзімдерде жауап бере отырып, қарастырылған.

Северо-Западный және Долинка кенттерінде есеп беру кездесулерін өткізу барысында тұрғындар кент әкіміне кентті абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер, жарықтандыру, қаңғыбас иттерді аулау мәселелері тілге тиек болды. Северо-Западный кентінің кейбір көшелерін орталықтандырылған сумен жабдықтау мәселесміне жеке тоқталып өтті.

Қала әкімі мен кент әкімі барлық сауалдарға жауаптар мен түсініктемелер берді, сауалдардың бір бөлігі бұдан әрі шешу үшін бақылауға алынды.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі