VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының бірінші сессиясы өтті

VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының бірінші сессиясы өтті

Бүгін қала әкімі С. Аймақовтың қатысуымен VII шақырылымдағы Шахтинск қалалық мәслихаты депутаттарының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті.

Сессия жұмысын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Шинжанова ашты, ол 10 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысын жариялады және жаңадан сайланған депутаттарға төс белгілерін салтанатты түрде табыс етті.      

Бірінші сессияның ең маңызды сәті қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау болды. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып Мамерханова Жамала Сагантаевна сайланды, оның кандидатурасын барлық депутаттар бір ауыздан қолдады.

Сондай-ақ, сессия барысында тұрақты комиссиялардың құрамдары да бекітілді. Мәселен, Бюджеттік жоспарлау және экономикалық даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Меллятов Абдыкарим Бакриденович тағайындалса, әлеуметтік сала және заңдылық мәселесі жөніндегі комиссияны Кадырова Маршида Раисовна басқарады.

Сессия соңында депутаттарға қала әкімі өзінің тілегін білдірді, ол өткен шақырылымдағы  депутаттық корпусқа нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдірді, ал жаңадан сайланған депутаттарға Шахтинск аймағының игілігіне бағытталған еңбектеріне сәттілік тіледі. Жаңа құрамда 12 депутат, оның ішінде «Nur Otan» партиясының 10 мүшесі және «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының 2 мүшесі жұмыс істейтін болады.

Бірінші сессиясы жүрекке жылу ұялатар іс-шарамен, дәлірек айтсақ Шахтинск қалалық мәслихатының бұрынғы хатшылары М.Байманов пен А.Сатоваға және өткен шақырылымдағы депутаттарға қала әкімінің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыс етумен аяқталды. 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі