2021 жылдың басты саяси оқиғасы

2021 жылдың басты саяси оқиғасы

2021 жылғы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихат депутатарының сайлауы өтті. Аталмыш іс-шара жаңа 2021 жылдағы басты саяси оқиға.

Шахтинск аймағында 34 сайлау учаскесінде дауыс берілді. Жалпы, сайлаушылардың сайлауға қатысуы шамамен 75% құрады. Біздің аймақта сайлау заңнама талаптарына сай және санитарлық шараларды қатаң сақтаумен өтті, барлық учаскелерде жеке қорғаныс құралдары болды.

ҚР ОСК сайлаудың алдын-ала жасалған қорытындысын жариялады. Үш саяси партия Мәжіліске өтетін болды. Сайлаушылардың дауыстары республика бойынша алдын-ала қорытынды бойынша келесідей бөлінді:

«Nur Otan» партиясы-71,09%

«AQ JOL» демократиялық партиясы-10,95%

Қазақстан Халық партиясы-9,1;%

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы - 5,29%

ADAL партиясы – 3,57%

ОСК сайлаудың нақты соңғы қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының барлық түпнұсқаларын алғаннан кейін өз отырысында шығарады.

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі