Мерейтой құтты болсын, құрметті біздің «Шахтинский вестник» газетінің редакциясы!

Мерейтой құтты болсын, құрметті біздің «Шахтинский вестник» газетінің редакциясы!

Отыз жыл бұрын біздің қаламыздағы жалғыз баспасөз редакциясы - қалалық «Шахтинский вестник» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Содан бері неше жыл бойы ол біздің қаламыздың және жапсарлас  кенттердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық өмірі туралы ақпараттардың жаршысы болды және бұдан әрі де солай болмақ. 30 жыл ішінде газет облыстың ақпараттық кеңістігінде лайықты орын алды, өзінің оқырманын тапты, редакция ұжымы газетті қызықты әрі сұранысқа ие ете алды.

Қала әкімі С.Аймақов газет редакциясын айтулы мерейтойымен құттықтай отыра, аталмыш мерейтойдың ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және қаламыздың 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі кездейсоқтық емес екенін атап өтті. «Редакцияға қаламыздың тұрғындарының өмірінің өзекті мәселелерін газет беттерінде қызу әрі түсінікті етіп жариялайтын талантты мамандар тобы жиналды. Аталмыш редакцияның  берік және өзіндік айқын  қолтаңбасы, оқиғаны ащы шындықпен жеткізетін қайсар мінезі бар. Газеттің әр нөмірін қызықты етіп шығаруға бар кәсіби шеберлігін салатын сіздің ұжымыңыз оқырмандардың газетке деген қызығушылығын одан әрі оятуда.  Сіздердегі мол  шығармашылық әлеует, жоғары журналистік шеберлік әрі қарай да газетіміздің аймақ тұрғындарына жемісті қызмет етуіне кепіл болатынына сенімдімін. Осы редакцияда жұмыс істеген барлық еңбек ардагерлеріне, қызметкерлеріне шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, жаңа шығармашылық табыс, оқырмандардың сенімін тілеймін!»,- деді қала әкімі.

Құттықтау сөзден кейін қала әкімі С.Аймақов газет редакторы Эльвира Сенягинаға, тілші Амангелді Тұржановқа және  фототілші Галина Низамоваға қала әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі