Қос мереке

Қос мереке

Біздін қаламызда маңызды мереке күндері дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтау дәстүрге айналды. ҚР Тұңғыш Президенті күні  қалалық перзентханада Ахмат атты ұл бала  дүние есігін ашты.

Осынау қуанышпен және қос мерекемен қуанышты ана Зейнеп Малинованы қала әкімінің атынан қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Жаппаров құттықтады, ол анаға  гүл шоғын,  ойыншық және ақшалай сыйлық табыс етті. Қуанышты анаға зор денсаулық, ұзақ өмір және бар жақсылықты тіледі.

Ана қала басшылығына өз ризашылығы мен жылы лебізін білдірді және  тосын сый үшін алғысын айтты.  

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі