Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жастар арасында ғана емес, сонымен қатар біздің қаламыздың тұрғындары арасында да танымал, ең сүйікті және өзін көптен күттірген іс-шара болып табылатын қала әкімінің «Жастар» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау іс-шарасы өтті. Карантин шараларының енгізілуіне байланысты аталмыш іс-шараны барлық санитарлық сақтық шараларын орындай отырып, ерекше нысанда өткіздік.

Қала әкімі С. Аймақов барлық қатысушыларды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, кез келген елдің заманауи дамуындағы жастардың рөлінің маңыздылығын ерекше атап өтті және жеңімпаздарға сыйлықтарды табыс етті.

«Үздік жоғары сынып оқушысы» номинациясы сыйлығын Новодолинский кентінің №11 жалпы білім беру мектебінің оқушысы Широбоков Алексей және Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Нүрпеисова Айнұр екеуі өзара бөлісті. «Колледждің үздік студенті»атағын Шахтинск технологиялық колледжінің студенті Байсарин Еламаниеленді. «Жастар көшбасшысы»номинациясының жеңімпазы болып ShahanTV тілшісі Куцинас Дариустанылды. «Жылдың жас спортшысы» номинациясының жеңімпазы болып Аккалыков Сабиржан мен Фатахов Руслан атанды. Үздік «Жыл еріктісі» болып «Мы из Шахтинска» қоғамдастығының басшысы Юлия Головина мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау жөніндегі «Қамқор-2007» ҚБ басшысы Мейіржан Шаяхметов танылды.«Жасыл ел» штабының басшысы Қанағат Ешмағамбетов«Шахтинск аймағында мемлекеттік  жастар саясатын жүзеге асыруға менің жеке үлесім» номинациясының иегері атанды.

Жас кәсіпкерлер үшін қала әкімі тағайындаған «Жас кәсіпкер» сыйлығының иегері белгілі биші, заманауи би жаттықтырушысы, «SK FLOW» заманауи би мектебінің негізін қалаушы Каригул Бекзият атанды.

Іс-шара естелік үшін бірге фотоға түсу сәтімен аяқталды. 

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі